Қоғам

Түркістан облысында 103 млн теңге субсидия ұрланды деген күдікпен іс тергелді

Түркістан облысында ауыл шаруашылығына берілетін мемлекеттік субсидияларды заңсыз иемденуге қатысты қылмыстық іс бойынша тергеу аяқталды.

субсидия

Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, схемаға екі адам қатысы болуы мүмкін. Олар өзге адамдардың атына ресми тіркелген төрт жеке кәсіпкерлікті пайдаланған.

Тергеу нұсқасына сәйкес, күдіктілер ақпараттық жүйелерге ауыл шаруашылығы жануарларын сатып алғаны, олардың бар екені және асылдандыру жұмыстары жүргізілгені туралы жалған мәліметтер енгізген. Осыдан кейін мемлекеттік субсидия алу үшін электронды өтінімдер берген. Бюджеттен түскен қаражатты қолма-қол ақшаға айналдырып, жеке мақсаттарына жұмсаған деген болжам бар. Мемлекетке келтірілген шығын көлемі 103 млн теңге деп бағаланып отыр. Сот күдіктілердің мүлкіне тыйым салған. Олардың арасында екі үй, төрт автокөлік, бір автотұрақ орны және жер учаскесі бар.

Іс бойынша бір күдікті қамауға алынса, екіншісі кепілмен босатылған. Тергеу барысында айтылған деректер сотта дәлелденуі тиіс.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз