Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
15:02, 30 Наурыз 2024

ТЖМ су тасқыны қаупі бар аймақтардан 1431 адамды эвакуациялады

су тасқыны
Фото: ТЖМ

Елімізде қалың қар мен жауған жаңбырдан, күннің күрт жылып кетуінен бірнеше аймақты су басу қаупі туды.

 Бүгін республика бойынша жауын-шашын температурасының күрт көтерілуі түріндегі күрделі ауа райы жағдайына байланысты Ақтөбе, Ақмола, Қостанай, Батыс Қазақстан және Абай облыстарында су басу қаупі бар.

“Өткен тәулікте тартылған күштер мен құралдардың көмегімен су тасқыны қаупі бар аймақтардан 1431 адам құтқарылды және эвакуацияланды”, деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі. Атап айтқанда, Қостанай облысындағы Екідің, Аққысы, Қызылжұлдыз, Жаңақала ауылдары мен тоғыз қыстауының тұрғындарын эвакуациялау туралы хабарланды.

28 наурыздағы таңғы жағдай бойынша, Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, 297 жеке тұрғын үйді су басқан, 100-ден астам су тасқыны болып жалпы алғанда 18 жолды шайған, оның ішінде 2 көпір қираған. Су тасқыны басталғаннан бері 630 мың текше метрден астам еріген су сорылып, 24 мыңнан астам қап төселген.

Жалпы алғанда құтқарылған және эвакуацияланған аймаққа Ішкі іштер министрлігі мен жергілікті инспекциядан сондай-ақ ТЖМ-дан төрт мыңға жуық адам, 1300 техника тартывлған. Сонымен қатар ҰҚК-нің ұшақтары да құтқару жұмысына жұмылдырылған. Қазіргі күнде құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.

ТЖМ құтқару жұмысы халыққа төнген қауіп жойылмайынша жалғаса беретінін хабарлады.

Сонымен қатар, Аягөз ауданындағы су тасқыны кезінде жоғалып кеткен үш адамды іздеу жұмыстары Абай ауданында жалғасып жатыр.

Абай ауданы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, Қарағаш ауылының тұрғындары трактормен Борлы өзенінен өту кезінде суға батып кеткен. Олар «Шалқар» шаруа қожалығынан Қарағаш ауылына қарай бара жатқан. Жол бойында ер адамдар төте жолды кесіп өтпек болғанымен, өзеннің ортасында қалып қойған. Куәгерлердің айтуынша, оқиға орнына жеткен құтқарушылар ешкімді таппаған.

Сондай-ақ, 23 наурыздан бері Аягөз өзенінен өтпек болып, аттан құлап, болжам бойынша суға батып кеткен 1977 жылы туған ер адамды іздестіру жұмыстары жүргізілуде», - делінген Төтенше жағдайлар департаментінің хабарламасында. БАҚ-тағы мәліметтерге қарағанда ер адам «Шығыс» шаруа қожалығына бармақ болған.

Әкімдіктің мәліметінше, іздеу жұмыстарына жергілікті тұрғындардан 82 адам, 4 жүзу кемесі, 9 техника, 4 ұшқышсыз ұшу аппараты, сондай-ақ психологиялық қызмет қызметкерлері мен азаматтар жұмылдырылған.

Сонымен бірге Ақтөбеде де су тасқынан құтқару жұмыстары жүріп жатыр. Бұл аймақта өзен арнасынан күрт асып кеткен. Оған күннің бірден жылынуы қардың тез еруі себеп болған. 

Төтенше жағдайлар министрлігі бүгін таңертең Ақтөбедегі Саздинка өзенінде мұз жиналып, су деңгейінің көтерілуінен Сейітов көшесінің бойындағы көпірден, Мәметованың негізгі көшелерінің бірінің жол жиегіне арнасынан асқанын хабарлады. Қазіргі күнде қар суы көшені баспауы үшін бқгеу жұмыстары жүргізілген. Оған Төтенше жағдайлар департаменті, әкімдік, полиция, Ұлттық ұлан мен әскери қызметшілерден 1000-ға жуық қызметкер мен 200-ге жуық техника жұмылдырылған.

Тегтер: