Без Категории

Ұйым пікірі үшін 7 жылға сотталуы мүмкін журналист тағдырына алаңдайды

"Шекарасыз тілшілер" (Reporters Without Borders) баспасөз қорғау ұйымы Ресей билігін журналист Светлана Прокопьеваның үстінен қозғалған істі жабуға шақырды.

Ұйым пікірі үшін 7 жылға сотталуы мүмкін журналист тағдырына алаңдайды

Ол өткен жылы радио эфирі кезінде айтқан пікірі үшін қудаланған.

"Терроризмді ақтап сөйледі" деген айып тағылған Прокопьеваның кінәсі дәлелденсе, жеті жылға бас бостандығынан айрылуы мүмкін деп жазады бас кеңсесі Парижде орналасқан сөз бостандығын қорғау ұйымы 25 қыркүйекте таратқан мәлімдемесінде.

Ұйымның жазуынша, Ресейдің Псков қаласында тұратын журналист "қазір сот бақылауында", оның төлқұжатын тартып алған, банктегі есепшотын бұғаттаған. Бұған қоса, "кінәсіздік презумпциясын бұза отырып", сот болмай жатып оны "террористер тізіміне енгізіп қойған".

Тергеушілердің Прокопьеваны журналист ретінде кәсіби міндетін атқарғаны үшін қуғындауы масқара жағдай деп бағалайды ұйымның Шығыс Еуропа және Орталық Азия бөлімшесінің жетекшісі Джохан Бир.

"Бұл — ресейлік баспасөзді қорқыту амалы, мұндай масқара айыпты басқаша бағалау мүмкін емес" деді Бир.

2014 жылдан бері Азаттықтың Орыс қызметінің (Радио Свобода) Псков қаласындағы штаттан тыс тілшісі болып істейтін Светлана Прокопьеваның үстінен қылмыстық іс 2018 жылы қарашада қозғалған.

Журналист "Эхо Москвы в Пскове" радиосы эфирі кезінде Архангельскіде Ресей федералдық қауіпсіздік қызметі (ФСБ) ғимараты маңында болған терактінің себептері туралы пікірін білдірген. Ол ФСБ аймақтық басқармасына шабуыл жасап қаза тапқан 17 жастағы жас азаматтың мұндай іске баруына "саяси режимнің қысастық көрсеткен іс-әрекеттері және ресейлік жастар арасында кең тараған "күдер үзу" сезімі себеп болуы мүмкін" деп топшылаған. Кейін бұл пікірі "терроризмді ақтап сөйледі" деп бағаланып, іс қозғалған.

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз