Үкіметтің отставкасы: Сау бол, Сағынтаев!
Бақытжан САҒЫНТАЕВ бастаған үкімет отставкаға кетуі керек деп есептеймін! Үкімет тапсырылған жұмыстарды атқара алмады.
Мен талай рет үкімет пен барлық әкімдер халықты бақуатты өмір сүруі үшін еңбек етулері тиістігін айтқанмын. Бүгін мемлекет басшысы Нүрсұлтан НАЗАРБАЕВ осындай мәлімдеме жасады.Президент мәлімдемесі akorda.kz сайтына жарияланды.«Тиімді заңдар қабылданса да экономиканың сан бағыты бойынша оң өзгерістер болған жоқ. Ішкі жалпы өнім тек шикі зат есебінде ғаға өседі. Үкімет пен Ұлттық банк экономиканың өсуін қамтамасыз ететін сапалы жүйе орната алмады», — делінген президент мәлімдемесінде. Нұрсұлтан ӘБІШҰЛЫ жуырда өтетін «Нұр Отан» партиясының кезекті жиынында әлеуметтік саланы күшейту үшін нақты ұсыныстарды ұсынатынын айтты. Сол үшін бюджет пен ұлттық қордан қаржы бөлінеді. Ол қаражаттар жағдайы төмен отбасыларға, тұрғын үй мен өңірлердің дамуына жұмсалады.Фото: sputniknews.kz