Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
09:59, 29 Қаңтар 2024

ҰҚК Назарбаевты қорғау міндетінен босатылады

Назарбаев
Фото: из открытых источников

Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті енді экс-президент Назарбаевты қорғамайды, деп хабарлайды Zhasalash.kz.

Барлау қызметтері тек қазіргі мемлекет басшысының қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

Айта кетейік, Нұрсұлтан Назарбаевты Елбасы мәртебесінен айыру туралы заңға 2023 жылғы 15 ақпанда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойған болатын.

Одан бөлек ҰҚК өз өкілеттігін кеңейтуді көздеп отыр:

  • мемлекеттiк құпияларға жатқызылған ақпараттық жүйелердi қауiпсiз жобада құру, пайдалану, әзiрлеу, техникалық қызмет көрсету, интеграциялау, жұмысын тоқтату, қорғауды жүзеге асыру;
  • мемлекеттік құпияларға жатқызылған қорғалған ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып, мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қамтитын электрондық құжаттарды және басқа да деректерді жинауды, өңдеуді, сақтауды, беруді, іздеуді, таратуды, пайдалануды, қорғауды, тіркеуді, растауды және жоюды;
  • ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілерін арнайы тексеруден өткізу.