Қоғам

ҰҚК ШҚО әкімінің бірінші орынбасары болған Жақсылық Омардың қалай ұсталғанын көрсетті

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары болған Жақсылық Омардың қалай ұсталғанын көрсетілген видео жариялады. 2025 жылдың соңында ҰҚК-ның Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің жедел қызметкерлері Жақсылық Омардың қарамағындағы ұйымдардың қызметкерлерінен және басқа да адамдардан тұрақты түрде ақша талап еткені туралы жедел ақпарат алған.

Жақсылық Омар

Тергеу нұсқасына сәйкес, Омар ақша берген адамдарға қызметтік өсуде қолдау көрсететінін айтып уәде берген. Ал талапқа көнбегендерге жұмыстан шығаратынын немесе лауазымын төмендететінін айтып қысым жасаған.

Тергеушілердің айтуынша, бұл адамдардың барлығы Жақсылық Омар Өскемен қаласының әкімі болған кезде оның қарамағында жұмыс істеген. 2026 жылғы 4 ақпанда құқық қорғау органдары ақшаны алу схемасын құжаттау мақсатында арнайы операция жүргізген. Оның аясында Омарға ақшаның бір бөлігі бақылаудағы тәртіппен берілген.

Тергеу мәліметінше, бұл әрекет арқылы күдіктінің ақшаны қандай жолмен алатынын және схеманың қалай жұмыс істейтінін анықтау көзделген. Кейін Өскемен қаласындағы Жақсылық Омар тұрған жеке тұрғын үйде тінту жүргізілді. Тінту барысында оның тұрғылықты жерінен ақша қаражаты тәркіленген. Тергеу кезінде адвокаттың қатысуымен өткен алғашқы жауап алу барысында Омар кінәсін мойындады.

Тергеу барысында қосымша факт анықталып, ол да ҚР ҚК-нің 190-бабының 3-бөлігі бойынша (лауазымды тұлғаның алаяқтық әрекеттері) іс материалдарына қоса БСТР-ға тіркелді.

2026 жылғы 1 сәуірде сот Жақсылық Омарды кінәлі деп танып, оны 6 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарған.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз