Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
10:51, 26 Шілде 2024

Үкімет 8 жылда алғаш рет азық-түлік бағасы төмендегенін айтты

в
Фото: Primeminister.kz

ҚР Үкіметі 8 жылда алғаш рет әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы төмендегенін айтты.

2016 жылдан бастап Қазақстанда алғаш рет әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына (ӘМАТ) баға индексі төмендеді. Қабылдаған шаралардың нәтижесінде дефляцияның орташа индексі 99,8%-ды құрады, делінген үкімет хабарламасында.

Сонымен қатар, нарыққа 160 мың тоннадан астам көкөніс өнімі жеткізілген. 

Үкімет мәліметінше:

➤ Салалық қауымдастықпен жұмыртқа бағасын белгілеу туралы келісімге қол қойылды

➤Отандық қайта өңдеу кәсіпорындарын шикізатпен қамтамасыз ету үшін күнбағыс тұқымын әкетуге экспорттық кедендік баж енгізілді 

➤ӘМАТ-тың «электронды айнасына» айналатын Тауарларды қадағалаудың ұлттық жүйесі пилоттық режимде жұмыс істейтіні айтылған.

Тегтер: