Үкімет жаңа оқу жылына арналған грант санын жариялады
Үкімет 2026-2027 оқу жылына арналған мемлекеттік білім гранттарының саны мен бағыттарын жариялады.
Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек үкімет отырысында хабарлағандай, жаңа оқу жылына жалпы 89 457 грант бөлінеді.
Оның ішінде:
бакалавриат – 75 371 грант;
магистратура – 11 007 грант;
докторантура – 3 079 грант.
Ведомствоның мәліметінше, гранттар еңбек нарығының 2030 жылға дейінгі болжамына сәйкес бөлінген.
Ресми деректерге сай, алдағы жылдары Қазақстанға 883 мыңнан астам маман қажет болады. Оның ішінде шамамен 530 мыңы – инженерлік-техникалық салада. Сондай-ақ 185 мың педагог пен 168 мыңға жуық өзге бағыттағы кадрларға сұраныс бар.
Гранттардың басым бөлігі:
60% – инженерлік-техникалық және аграрлық мамандықтарға;
21% – педагогика саласына бөлінеді.
Министрлік бұл тәсіл еңбек нарығындағы сұранысты жабуға бағытталғанын айтады.