Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
11:22, 10 Қыркүйек 2024

Украина әскері Ресей аумағынан шықпай ешқандай келіссөз болмайды - Шойгу

в
Фото: РИА Новости / Сергей Гунеев

Ресейдің бұрынғы қорғаныс министрі, қазіргі Ресей Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы қызметін атқаратын Сергей Шойгу Украина қарулы күштері Ресей аумағынан шықпай, Украинамен келіссөздер жүргізу мүмкін емес деп мәлімдеді.

«Біз оларды өз аумағымыздан қуып шығармайынша, олармен ешқандай келіссөздер туралы айтпаймыз», - деді Шойгу «Россия 24» телеарнасына берген сұхбатында.

Бұрынғы Қорғаныс министрінің айтуынша, Украина Қарулы Күштері «ядролық террор жасау» үшін «Курск атом электр стансасын алуды қалаған және соған тырысқан».

«Бақытымызға орай, бұл сәтсіз аяқталды», - деді Шойгу.