Сараптама

Украина Ресей мен Қырымға 660 дронмен шабуыл жасады

Украина Қарулы күштері Ресей аумағы мен аннексияланған Қырымға ауқымды дрон шабуылын жасады. Ресей Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, жұма күні таңертең Ресейдің 12 өңірі, Мәскеу, аннексияланған Қырым, сондай-ақ Қара және Азов теңіздерінің акваториялары үстінде 660 дрон жойылған.

Дрон

Бұл туралы DW жазды.

Тула облысындағы «Азот» химия комбинатына шабуыл жасалды

Astra Telegram-арнасының хабарлауынша, түні бойы Тула облысының Новомосковск қаласындағы «Азот» химия комбинаты дрондардың шабуылына ұшыраған.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, қалада бірнеше сағат бойы жарылыстар естілген. Бұл кәсіпорынға бұған дейін де, 14 маусымда шабуыл жасалған болатын.

«Азот» компаниясының ресми сайтындағы мәліметке сәйкес, кәсіпорын Ресейдегі аммиак пен азот тыңайтқыштарын өндіретін ең ірі зауыттардың бірі саналады.

Украинаның Exilenova+ ресурсы да Тула облысына жаппай шабуыл жасалғанын хабарлады. Онда шабуылдың басты нысанасы «Азот» зауыты болғаны айтылған.

Басылым мәліметінше, бірнеше сағат бойы жарылыстар мен дрондардың ұшу дыбыстары естілген. Жергілікті тұрғындар ауада аммиактың иісі сезілгенін және электр қуатымен байланысты қиындықтар болғанын хабарлаған.

Exilenova+ дерегінше, «Азот» зауыты шығаратын өнім жарылғыш заттар мен оқ-дәрі өндіруде қолданылады.

NASA-ның FIRMS спутниктік мониторинг жүйесі Новомосковск жылу электр станциясының аумағында өрт шыққанын тіркеген. Бұл нысан «Азот» кәсіпорнының құрылымына кіреді.

Тула облысының губернаторы Дмитрий Миляев өңірге «украиналық дрондардың жаппай шабуылы» жасалғанын мәлімдеді.

Оның айтуынша, Щекин ауданындағы бір елді мекенде жеке тұрғын үй зақымдалып, бір әйел жарақат алған.

Сондай-ақ электр желілері мен Новомосковскідегі өнеркәсіптік кәсіпорындардың біріне зақым келген.

Миляев өңірде 157 украиналық дронның жойылғанын хабарлады.

1
Фото: скриншот

Мәскеу мен Қырымға шабуыл

Мәскеу мэрі Сергей Собянин түнде және таңертең әлеуметтік желілерде 47 дронның шабуылы туралы хабарлап, оқиға орнында төтенше қызметтердің жұмыс істеп жатқанын айтты.

Ол басқа мәліметтерді жариялаған жоқ.

Шабуыл кезінде Мәскеудегі Домодедово, Внуково және Шереметьево әуежайларының жұмысына уақытша шектеулер енгізіліп, рейстер арнайы келісім бойынша қабылданып, жөнелтілді.

Шабуылдың нақты қандай нысандарға бағытталғаны әзірге хабарланған жоқ.

Қырымда да дрон шабуылдары болғаны туралы ақпарат тарады. Жергілікті тұрғындар Керчь қаласына шабуыл жасалғанын жазуда.

NASA-ның FIRMS жүйесі әуе қорғанысы жүйелері («Панцирь-С1») орналасқан аудан мен әскери әуеайлақ маңында өрт болғанын тіркеген.

Дрон
Фото: haqqin.az

Жыл басынан бері 40 мыңға жуық дрон

«Коммерсант» басылымы Ресей Қорғаныс министрлігінің күнделікті мәліметтеріне сүйене отырып, 2026 жылдың басынан бері Украина Ресей мен аннексияланған Қырымға 40 мыңға жуық дрон жібергенін есептеген.

Орта есеппен Ресей Қорғаныс министрлігі ай сайын шамамен 6 мың дронның жойылғанын хабарлаған. Ал маусым айының басынан бері бұл көрсеткіш 9,7 мыңға жеткен.

Тәулігіне орта есеппен 223 дрон қолданылған.

Ең ауқымды шабуылдар:

  • 17 мамырға қараған түні – 556 дрон;

  • 18 маусымға қараған түні – 555 дрон;

  • 25 наурызға қараған түні – 389 дрон.

Ресей мәліметінше, дрондардың басым бөлігі Белгород, Курск және Брянск облыстарының үстінде, сондай-ақ аннексияланған Қырым аумағында атып түсірілген. Ең жиі шабуылға ұшырайтын өңірлердің алғашқы ондығына Краснодар өлкесі, Мәскеу аймағы, Тула және Орел облыстары да кіреді.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз