Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
16:09, 27 Қазан 2023

Украинадағы соғыс: Ресей әскері Изюм қаласын атқылады

па
Фото: из открытых источников

27 қазанға қараған түні Ресей әскері Украинаның Харьков облысында Изюм қаласын атқылады, салдарынан 8 өрт сөндіруші зардап шекті.

Бұл жөнінде аймақ әкімшілігінің жетекшісі Олег Синегубов хабарлады. Оның сөзінше, орта дәрежеде жарақат алған төрт жұмысшы ауруханаға жатқызылған.

Синегубовтың айтуынша, Изюмге С-300 зенит-ракеталық кешенімен соққы жасалған. Соққының салдарынан өрт сөндіру бөлімінің ғимараты мен 13 көлік бүлінген.


Украина ішкі істер министрі Игорь Клименко соққы Харьков облысындағы өрт сөндіру қызметіне 200 жыл толған күні жасалғанын айтты.