Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
15:42, 19 Желтоқсан 2024

Ұлытаудағы белсенді кәсіпкердің суретін жариялағаны үшін өтемақы төлеуге міндеттелді

 Нұрболат Базарбекұлы
Сәтбаев қаласының белсендісі Нұрболат Базарбекұлы

Сәтбаевтағы белсенді фотосуретті жариялағаны үшін өтемақы төлеуге және кешірім сұрауға міндеттелді

 Ұлытау облысында сот жергілікті  белсенді Нұрболат Базарбекұлы 100 мың теңге көлемінде моральдық өтемақы төлеуге және жарияланған суреті үшін ЖШС директорынан көпшілік алдында кешірім сұрауға міндеттеді.

Сотқа белсендінің кәсіпорын басшысының әлеуметтік желідегі аккаунтынан жариялаған суреті себеп болған. Бұл суретті белсенді өзінің Facebook парақшасында пост жазып жариялаған. Арыз беруші Валерий Сибагатулин суретін алып тастауды, көпшілік алдында кешірім сұрауды және моральдық шығын ретінде оған 500 мың теңге төлеуді талап еткен.

Сот шешімімен, Нұрболат Базарбекұлы былтыр кәсіпкердің келісімінсіз жеке мәліметтері мен жеке өміріндегі мәліметтерді көрсете отырып, ұшақтың жанында және ішінде түскен суретін жариялағаны Валерий Сибагатулинге ұнамаған.

Қоғам белсендісі Нұрболат Базарбекұлы Ұлытау өңірінің мәселелерін көтеріп жүреді. Ол кәсіпкердің  әлеуметтік желідегі парақшасы ашық және барлығына қолжетімді екенін, талапкердің жеке, құқықтары бұзылмағанын, талапкердің фотосуретін жариялау үшін рұқсат талап етілмейтінін көрсетіп, кәсіпкердің айтқан уәждерін мойындамаған.

Жауапкердің өкілі соттан талап арызды қанағаттандырусыз қалдыруды сұраған. Қоғам белсендісінің айтуынша, мәтінде қорлау, жалған ақпарат немесе ар-намыс пен абыройға нұқсан келтіретін мәліметтер болмаған.

Бірінші сатыдағы сот талапкердің талаптарын жартылай қанағаттандырып, жауапкерге моральдық шығынды өтеу ретінде 100 мың теңге төлеуге міндеттеді, постты өшіріп, Сибагатулиннен Facebook парақшасында көпшілік алдында кешірім сұрауды міндеттеді.

Белсенді апелляциялық шағым түсірген Ұлытау облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасы бірінші сатыдағы сотты қолдап, шешімді өзгеріссіз қалдырды. Сотталушы мен оның қорғаушылары бұл шешіммен келіспей, Жоғарғы сотқа шағымданбақшы.

«Қазақстан заңнамасында көпшілік алдында кешірім сұрау сияқты санкция жоқ, соған қарамастан соттар мұндай шешімдерді қабылдайды», - деп хабарлады Құқықтық медиа орталығы өз парақшасында.