Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
17:42, 21 Мамыр 2024

Ұлттық банк Тоқаевқа есеп берді

е
Фото: из открытых источников

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ақордада өткен кеңесте Ұлттық банктің былтыр атқарған қызметі туралы есеп берілді, деп хабарлайды Zhasalash.kz сайты.

Іс-шараға Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов, Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова, Қаржы министрі Мәди Такиев қатысты.

Мемлекет басшысына өткен жылдың қорытындысы бойынша инфляция екі еседен астам, яғни 9,8 пайызға дейін төмендегені туралы мәлімет берілді. Базалық мөлшерлеме 14 пайызға дейін төмендеген. Депозиттерді доллар түрінде сақтау 23,2 пайызды құрап, 26 жыл бұрынғы төменгі шекті деңгейге жетті. Бұл ретте Ұлттық банктің жалпы алтын-валюта резерві 2022 жылмен салыстырғанда биыл 0,9 миллиард долларға немесе 2,5 пайызға көбейіп, 36 миллиард долларды құраған. Ұлттық қордағы активтер 4,3 миллиард долларға өсіп, 60 миллиард долларға жетті. Активтердің табыстылығы 11,38 пайыз болды. Ұлттық банктің сенімгерлік басқаруындағы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерінің жиынтық көлемі былтыр 3,2 триллион теңгеге ұлғайып, 17,8 триллион теңгеге жеткен. Зейнетақы активтерінің табыстылығы инфляция деңгейінен асып, 10,1 пайызды құрады, делінген хабарламада.

Фото: Ақорда

Тегтер: