Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
14:49, 17 Сәуір 2024

Ұлттық ғылым академиясының құқықтық мәртебесі бекітіледі

к
Фото:

Мәжіліс «Ғылым және технологиялық саясат туралы» заң мен оған ілеспе түзетулерді екінші оқылымда қабылдады.

Түзетулерде ұлттық ғылыми жүйені дамыту тетіктері, ғылыми қызмет субъектілері мен олардың құқықтары айқындалады, Ұлттық ғылым академиясының құқықтық мәртебесі, Ғылым қорының қызметі және ғылыми қызметті қаржыландыру тетіктері бекітіледі.

Сондай-ақ зерттеу университеті мәртебесін беру және оны дамыту бағдарламасын бекіту тәртібі реттеледі. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) білім басқармасы органдарына қатысты мемлекеттік бақылау жүргізу тәртібі нақтыланады.

Бұдан бөлек ғылыми дәрежесі бар қызметкерлердің ғылыми қызметін ынталандыру үшін оларға ай сайынғы қосымша ақы белгілеу мәселелерін, сондай-ақ жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында, ғылыми ұйымдарда жұмыс істейтін жетекші ғалымдарға шығармашылық демалыс беру шарттарын регламенттейтін түзетулер енгізілді.

Фото: egemen.kz