Қоғам

"Ұлттық қор" бағдарламасы бойынша балаларға алғашқы төлем түсті

"Ұлттық қор - балаларға" бағдарламасы бойынша алғашқы жинақтар түсе бастады, деп хабарлайды Zhasalash.kz.

Ұлттық қор

"Ұлттық қор-балаларға" бағдарламасы бойынша БЖЗҚ-ға алғашқы нысаналы талаптар (18 жасқа дейінгі балаларға) есептелініп, нысаналы жинақтау шоттарына алғашқы нысаналы жинақтар (2024 жылы 18 жасқа толатын балаларға) түсті.

2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап бағдарламаға 2023 жылдың соңындағы жағдай бойынша кәмелетке толмаған, Қазақстан азаматы болып есептелетін барлық бала қатысушы ретінде тіркелді. Бағдарламаға қатысушылардың жалпы саны - 6 919 131 бала (01.01.2006ж. бастап 31.12.2023ж. дейін туған балаларды қоса алғанда). Оның ішінде 304 815 қатысушы 2024 жылы 18 жасқа толады ( 01.01.2006ж. бастап 31.12.2006ж. дейін туылған балаларды қоса алғанда).

Олардың барлығына өткен жыл үшін Қазақстанның Ұлттық қорынан 100 АҚШ доллары және 52 центі мөлшерінде бірдей сома есептелді.

 

 

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз