Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 17:45

Ұлттық қордан 840 млн теңге жымқырған кісіге қатысты тергеу аяқталды

Теңге
Фото: ortcom.kz

СҚО-да коммерциялық ұйымның басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу аяқталды.

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет коммерциялық ұйымның басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.

Экс-басшы Ұлттық қор қаражатынан жылыжай кешенін салу үшін жапырақты көкөністерді өсіру жөніндегі жабдықтарды сатып алуға бөлінген 840 млн теңге бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді.

Айыпталушы сотқа тартылды. «Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды», деп мәлімдеді антикор.

Тегтер: