Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
12:07, 02 Ақпан 2024

Ұлттық қордың ақшасын қолма-қол алуға бола ма?

ұлттық қор
Фото: из открытых источников

«Ұлттық қор - балаларға» жобасы бойынша биыл 18 жасқа толған қазақстандықтарға 100 доллар түседі. Бағдарламаға қатысушылардың жалпы саны – 6 919 131 бала. 

"Ұлттық қор-балаларға" бағдарламасы бойынша БЖЗҚ-ға алғашқы нысаналы талаптар (18 жасқа дейінгі балаларға) есептелініп, нысаналы жинақтау шоттарына алғашқы нысаналы жинақтар (2024 жылы 18 жасқа толатын балаларға) түсті.

Қордағы жиналған қаражат тек бала 18 жасқа толған соң ғана пайдалануға беріледі. Ол қаражатты қолма-қол алу мүмкін емес, тек оқуға немесе тұрғын-үй, баспана алу мақсаттарына жұмсалатын болады. 

​Бала кәмелет жасына толған соң, жиналған ақшаны неше жылда пайдалана алады?

18 жасқа толған қазақстандық шоттағы ақшаны 10 жыл ішінде пайдалана алады. Ал 10 жыл ішінде пайдаланбаса, жинақталған қаражат азаматтың зейнетақы шотына аударылады. Яғни, зейнетақы есебіне есептеледі.