Оқиғалар

«ҰЛТТЫҚ ҚОР – БАЛАЛАРҒА»: 7 млн баланың шотына 2,5 млрд АҚШ доллары есептелді

"ҰЛТТЫҚ ҚОР – БАЛАЛАРҒА": 7 млн баланың шотына 2,5 млрд АҚШ доллары есептелді

ұлттық қор

Мемлекет басшысы 2022 жылғы Жолдауында ұлттық байлықты әділ бөлу бағдарламасын құру идеясын ұсынды. Оны іске асыру бағыттарының бірі – «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы. Аталған жоба аясында 2024 жылдан бастап Қазақстан азаматтарына туған күнінен кәмелетке толғанға дейін жыл сайын Ұлттық қордың орташа инвестициялық кірісінің 50%-ы есебінен қаражат есептеледі.

Қазақстан жастары үшін тең бастапқы мүмкіндіктерді қамтамасыз ету мемлекеттің басым міндеттерінің бірі болып қала береді. Ұлттық қордан жинақталатын қаражат жас азаматтардың ересек өмірге қадам басуына берік негіз қалайды.

Аталған бастама аясында 18 жасқа дейінгі балаларға жыл сайын Қазақстан Ұлттық қорының инвестициялық кірісінің 50%-ы есептелетін болады.

2026 жылы әр балаға 130,71 АҚШ доллары есептелді.

Бағдарламаға үш жыл бойы қатысып келе жатқан балалардың жинақталған қаражаты алынған инвестициялық кірісті ескере отырып, 370,56 АҚШ долларын құрады.

2026 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және білім алуға ақы төлеуге бағытталған нысаналы жинақ төлемдері 76 112,45 мың АҚШ долларын құрады (365 553 алушы), оның ішінде:

- тұрғын үй жағдайларын жақсартуға – 50 433,40 мың АҚШ доллары (241 284 алушы);

- білім алуға ақы төлеуге – 25 679,05 мың АҚШ доллары (124 269 алушы).

 

Редакция «Все СМИ» желісіне қатысады.
Тегтер: Ұлттық қор
Сайт Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз