Оқиғалар

Ұлымның ішімдік ішкеніне күмәнім бар - апатқа себепші болған полицейдің әкесі (видео)

25 мамырда блок-бекеттегі апатқа себепші болған Азат Азаматов осы айдың басында ғана лейтенат шенін алған полиция қызметкері екен.

Ұлымның ішімдік ішкеніне күмәнім бар - апатқа себепші болған полицейдің әкесі (видео)

Апат болған күні ол кезекшілікке түсіпті. Бұл туралы 31 арна журналистеріне сұхбат берген Азат Азаматовтың әкесі айтты. Азаматовтың әкесі полицяның күдіктіні «экс-қызметкер» деген мәлімдемесін жоққа шығарды.

"Ұлымның ішімдік ішіп алғанына күмәнім бар.  Карантин кезінде күндіз-түні жұмыс істегендіктер қалғып кетуі мүмкін. Ұлым қолымен істегенін мойнымен көтереді, алайда, оқыс оқиғаны "қасақана жасалған қылмыс" деп жала жабуға болмайды",-дейді Азат Азаматовтың әкесі. 

 Еске салайық,  бұл оқиға 25 мамырда, сағат 05.26-да болған.  БМВ көлігінің жүргізушісі, 1992 ж.т. азамат А.  Алматы облысы, Қарасай ауданы, Көксай ықшамауданында, № 4 өткізу пунктінен өтпек болған. Ол алдымен  бетон қоршауды соққан, содан кейін патрульдік көлікке соқтығысқан,  көліктің салонында болған  екі полиция қызметкері ауыр соққыдан көз жұмған болатын. Сондай-ақ бұл апат салдарынан  тағы бір полиция қызметкері зардап шеккені белгілі болды.  Зардап шеккен есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкері Ербұлан Сейдазым жансақтау бөлімінде жатыр.

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз