Без Категории

ҰҚК: 240 кг уран концентраты саудасының жолы кесілді

Қазақстан ұлттық қауіпсіздік қызметі Қызылорда облысы аумағында 240 кг уран концентраты саудасының жолы кесілгенін хабарлады.

ҰҚК: 240 кг уран концентраты саудасының жолы кесілді

Хабарға қарағанда, 23 қазанда өткізілген "арнайы операция" нәтижесінде қылмыстық кодекстің "радиоактивтi заттармен заңсыз жұмыс істеу" бабы бойынша күдікті ретінде 4 адам ұсталған.

ҰҚК сайтында жарияланған мәліметте "қолға түскен уран концентратын ядролық физика институты мамандары қауіпті радиоактивті зат деген қорытынды шығарды. Сәулелену деңгейі рұқсат етілген көрсеткіштен бірнеше есе артық және қоршаған орта мен халық денсаулығына қатерлі" деп көрсетілген.

— Тергеу мәліметтері бойынша радиоактивті зат қылмыстық топ өкілдерімен ванадий кен орнын игеретін кәсіпорыннан ұрланған, — деп жазады ҰҚК баспасөз қызметі.

AZATTYQ Facebook-та
AZATTYQ VK-да
AZATTYQ Youtube-та
Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз