Қоғам

"ҰҚК қолымды қайырып, алып кетті": Экс-депутат Тоқаевқа үндеу жасады

Павлодар облысы Май ауданының экс-депутаты Бағлан Зиябеков Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қазақстан халқына видеоүндеу жолдады.

Бағлан Зиябеков

Оның айтуынша, 2026 жылдың 27 қазанында ол № 6 округтік сайлау комиссиясына депутаттыққа кандидат ретінде құжат тапсыруға барған кезде құқық қорғау органдары тарапынан кедергілерге тап болған.

Бағлан Зиябеков 2023 жылы Павлодар облысы Май аудандық мәслихатына "AMANAT" партиясының басшысымен бір сайлау округінен түсіп, тұрғындардың қолдауымен жеңіске жеткенін айтады.

2026 жылдың 27 қазанында кандидат ретінде құжат тапсыруға барған сәтінде комиссия қызметкерлері техниканың істемей тұрғанын немесе парольді ұмытып қалғанын айтып, өтініш бланкісін беруден бас тартқан.

Мекемеде дабыл қағылып, өрт сөндіру машиналары келіп, адамдарды сыртқа шығарған. Сол кезде ҰҚК (КНБ) және полиция қызметкерлері өзін күштеп ұстап, қол қайырып, полиция бөліміне алып кеткенін мәлімдеді.

Бұрын депутат болған кезінде сыбайлас жемқорлық пен әділ сайлау мәселелерін ашық көтергенін жеткізді.

Экс-депутат бұл әрекеттерді оның сайлауға қайта қатысуына кедергі жасау мақсатындағы қысым деп санайды.

 

Редакция «Все СМИ» желісіне қатысады.
Сайт Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз