Жаңаөзенде мұнай өнімдерін заңсыз сақтаған ер адам ұсталды
Маңғыстау облысының полицейлері Жаңаөзендегі жеке базалардың бірінде мұнай өнімдерінің заңсыз айналымын анықтады.
Рауан шағынауданындағы өнеркәсіптік аймақта орналасқан база аумағын тінту кезінде мұнай өнімдері құйылған төрт тонналық ыдыс табылып, тәркіленді. Оқиға орнында бір ер адам ұсталды.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір тәртіп сақшылары мұнай өнімдерінің қайдан алынғанын және заңсыз айналымға қатысы бар өзге де мән-жайларды анықтап жатыр.
Редакция «Все СМИ» желісіне қатысады.