Қоғам

ҰҚК Ресей мен Өзбекстанның арнайы қызметтерімен бірге 30 келі ауған гашишін тәркіледі

Арнайы операция барысында Ресейдің Түмен қаласында халықаралық есірткі тобының екі мүшесі ұсталды.

Есірткі

Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ресей және Өзбекстанның арнайы қызметтерімен бірлесіп, Ауғанстаннан есірткіні "Солтүстік бағдар" бағыты арқылы контрабандалық жолмен тасымалдау арнасының жолын кесті.

Тінту кезінде олардан 30 келі ауған гашиші тәркіленді. Алдын ала бағалау бойынша, оның қара нарықтағы құны шамамен 300 мың АҚШ долларын құрауы мүмкін.

Осы дерек бойынша Ресейдің құзыретті органдары сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп жатыр.

Халықаралық есірткі саудасына қарсы бағытталған бірлескен іс-шаралар жалғасуда.

Тегтер: ҰҚК Есірткі
Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз