Без Категории

Уральские авиалиний ұшағы апатты жағдайда жүгері алқабына қонды

Мәскеуден Симферопольге ұшып шыққан "Уральские авиалиний" компаниясының Airbus A321 ұшағы Мәскеу түбіндегі жүгері алқабына апатты жағдайда қонды.

Уральские авиалиний ұшағы апатты жағдайда жүгері алқабына қонды

Әуе компаниясының хабарлауынша, ұшақ моторына құстар кіріп кеткен. Осыдан кейін моторлардың бірінде өрт шыққан.

Ұшақ бортында 234 адам болған. Олардың жетеуі – экипаж мүшесі. Алдын ала ақпарат бойынша, он адам (үшеуі – бала) зардап шегіп, дәрігерлер көмегіне жүгінген.

Жолаушылар үрленген траппен эвакуация жасалған. Ұшақ Мәскеудегі Жуковский әуежайынан аннексияланған Қырымға ұшып шыққан.

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз