Без Категории

Ұшақ апатына байланысты аза тұту күні жарияланды

Алматы маңындағы ұшақ апатына байланысты 28 желтоқсан жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды.

Ұшақ апатына байланысты аза тұту күні жарияланды

Бұл ақпаратты президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.

Желтоқсанның 27-і күні таңертең Алматы әуежайы маңына Bek Air әуе компаниясының Fokker-100 ұшағы құлады. Ұшақта 93 жолаушы мен бес экипаж мүшесі болған. Ресми орындар бастапқыда 15 адамның қаза тапқанын хабарлаған. Кейінірек Алматы қалалық әкімдігі ұшақ апатынан 12 адамның қаза болғанын мәлімдеп, олардың тізімін жариялады. Олардың арасында экипаж командирі де бар.

Толығырақ: Алматы маңындағы ұшақ апатынан соңғы ақпарат

50 адам Алматы қаласы мен облыстағы бірнеше ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер оннан астам адамның жағдайы ауыр екенін айтады.

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз