Без Категории

Венгрияда туристік қайық аударылып, кем дегенде жеті адам суға кетті

29 мамырда Венгрия астанасы Будапешттегі Дунай өзенінде 34 адам отырған туристік қайық аударылып, кем дегенде 7 адам қаза тапқан.

Венгрияда туристік қайық аударылып, кем дегенде жеті адам суға кетті

12 адам іс-түссіз жоғалып кетті. 15 адам құтқарылып, ауруханаға жеткізілген.

Апат Венгрия парламентінің ғимаратына жақын маңда болған. Туристік қайық пен Viking лайнері соқтығысып қалып, туристер отырған қайық суға кеткен.

Іс-түссіз жоғалғандарды іздеп жатқан құтқарушылар жұмысын ауа райы қиындатып жатыр. Қалың нөсерден Дунай ернеуінен тасып, ағысы күшейген. Су температурасы — шамамен 15 градус.

Венгрия полициясының өкілі Кристоф Гал аударылған қайық бортында болғандар Оңтүстік Корея азаматтары екенін айтты.

Instagram бізге жазылыңыз

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз