Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
17:56, 09 Шілде 2024

ЮНЕСКО қазақстандықтарды Ұлттық домбыра күнімен құттықтады

а
Фото: ашық дереккөз

ЮНЕСКО бас пәтерінде Қазақстанның Тұрақты өкілдігі Ұлттық домбыра күніне арналған іс-шара өткізді.

Оған ЮНЕСКО-ға мүше мемлекеттердің елшілері, ұйым хатшылығының қызметкерлері, Францияда тұрып жатқан отандастар қатысты деп мәлімдеді Сыртқы істер министрлігі.

Қазақстанның ЮНЕСКО жанындағы Тұрақты өкілі Асқар Абдрахманов биыл Материалдық емес мәдени мұраны қорғау жөніндегі Үкіметаралық комитет 2014 жылғы 26 қарашада өзінің Париждегі 9-шы сессиясында Адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының репрезентативтік тізіміне домбырамен күй орындау өнерін енгізгеніне он жыл толатынын еске салды. Осыған байланысты ол «қазақ үшін домбыра музыкалық аспап қана емес, ол – бірегейлігіміз бен ұлттық рухымыздың айқын көрінісі мен куәсі» екенін атап өтті, делінген хабарламада.

Іс-шараға ЮНЕСКО Атқарушы кеңесінің төрағасы Вера Эль-Хури Лякей қатысты.

«Бірегей де кешенді сипатқа ие домбыра қазақ даласының жарқын бейнелерін жеткізетін дыбыстарды дүниеге әкеліп, жүректі нәзік әуендерімен тербетеді және көз алдыңа ашық кеңістікте шауып бара жатқан тұлпарларды елестетуге мүмкіндік береді», – деді дипломат.

ЮНЕСКО атынан Материалдық емес мәдени мұраны қорғау туралы Конвенция Хатшылығының басшысы Фумико Охината да сөз сөйледі.

«Біз Қазақстанды Ұлттық домбыра күнімен және домбыра күйінің адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының репрезентативтік тізіміне енгенінің 10 жылдығымен шын жүректен құттықтаймыз», – деді ол.

Тегтер: