Запастағы офицерлер екі жылға әскери қызметке шақырылады
Қазақстанда запастағы офицерлер екі жылға әскери қызметке шақырылады. Үкімет тиісті қаулы қабылдады, деп хабарлайды Zhasalash.kz.
«Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 32-бабына сәйкес Министрлер Кабинетінің қаулысымен:
"2024 жылы заңнамада белгіленген тәртіппен әскери қызметке жарамды және оны өтемеген запастағы офицерлер жиырма төрт ай мерзімге осы қаулының қосымшасына сәйкес санымен әскери қызметті өткеруге шақырылсын",- делінген қаулыда.
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінің, Төтенше жағдайлар министрлігінің және Ұлттық ұланның запастағы офицерлерін қызметке қабылдау бойынша жүргізіледі.
Әскерге шақырылуға жататын запастағы офицерлер саны:
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері – 600;
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне – 80;
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ұлттық ұланы – 42;
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі – 30.
Осылайша, резервтегілердің жалпы саны 752 адамды құрайды.