Зеленский Тоқаевқа алғыс айтты
Украина Президенті Владимир Зеленский Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа жылы лебізі үшін алғыс білдірді.
Зеленский Қазақстан мен Украина арасындағы достық байланыстардың өзара құрмет пен түсіністікке, сондай-ақ екі халық арасындағы ұзақ жылдар бойы қалыптасқан қарым-қатынасқа негізделгенін атап өтті.
Украина басшысы екі ел арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ниетті екенін жеткізді.
Сонымен қатар Владимир Зеленский Қасым-Жомарт Тоқаевқа жұмысына табыс, ал Қазақстан халқына бейбітшілік, амандық және өркендеу тіледі.