Зейнетке шығу талабы қатаңдауы мүмкін
Елде зейнетақы реформасына қатысты бірқатар ұсыныстар қарастырылып жатыр.
Әзірге бұл тек талқылау деңгейіндегі бастамалар, түпкілікті шешім қабылданған жоқ. Ұсыныстардың бірі – жаңа ынтымақты зейнетақы жүйесін енгізу. Ол азаматтардың тек жинақ қорына ғана емес, еңбек өтілі мен табыс деңгейіне де байланысты болмақ.
Сонымен қатар жұмыс берушінің зейнетақы жарналарының бір бөлігін азаматтардың жеке меншігіне бекіту ұсынылды.
Қазіргі жүйеде бұл қаражат шартты есептерде ғана ескеріледі. Тағы бір бастама – зейнетке шығу үшін кемінде 40 жыл еңбек өтілін талап ету. Бұл ұсынысты Сенат депутаты көтерген.
Сарапшылардың айтуынша, аталған өзгерістер әлі де жан-жақты талқылауды қажет етеді.