16:36, 26 Қазан 2023
Жамбыл облысында жер сілкінісі болды
Жамбыл облысында жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Zhasalash.kz.
Жер асты дүмпулерін Төтенше жағдайлар министрлігі сейсмикалық станциялар желісі 26 қазанда Астана уақыты бойынша сағат 11:38-де тіркеді.
"Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан батысқа қарай 482 шақырымда Қазақстан аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 9,6, магнитудасы - MPV 4,5", - делінген хабарламада.
Жер сілкінісі Тараз қаласында болған.
"Қанша балл болғанын білмеймін, бірақ қатты сілкінді", - дейді қала тұрғыны.
Сейсмологтар жер сілкінісі Қазақстанда сезілмегенін хабарлады. Алайда тараздықтар жерасты дүмпуін сезгенін алға тартты.