Жамбылда 22 млн теңгені жымқырған күдіктілер қамауға алынды
Жамбыл облысы ПД киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасы және тергеу бөлімшесінің қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында алаяқтыққа қатысы бар екі күдікті Алматы қаласының аумағынан ұсталды.
Тергеу барысында күдіктілердің логистикалық компания қызметкерлері ретінде танысып, теміржол вагондарын ұсыну сылтауымен жәбірленушінің сеніміне кіргені анықталды. Осылайша олар оның жалпы сомасы 22 млн теңгеге жуық қаржысын иемденген.
Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Күдіктілер сот санкциясымен қамауға алынды.
Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша тергеу амалдары жалғасып жатыр.