Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
12:31, 15 Желтоқсан 2023

Жамбылда 5 мың адам құтқарылды

жел
Фото: из открытых источников

Табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланған Жамбыл облысында 15 желтоқсан сағат 06:00-дегі жағдай бойынша 2413 адам құтқарылды, олардың ішінде 90 бала бар. 

Қазіргі таңда 600-ге жуық адам үйлеріне қайтарылды. 1813 адам алты ауылдағы жылыту пункттеріне жеткізілді. 3 азамат Қордай аудандық орталық ауруханасына жеткізілді. Екі күн ішінде жалпы 5 мыңға жуық адам құтқарылды.

Құтқару жұмыстары жалғасуда. Облыстық ТЖ департаменті жанынан жедел желі ұйымдастырылды.

Қазіргі уақытта Қордай және Шу аудандарында қосымша 825 орындық 9 жылыту пункті ұйымдастырылған. Құтқару шараларына 171 адам және 76 бірлік техника жұмылдырылған. Жолдағы блок-бекеттерге полиция нарядтары қойылған.

Электр желілерінің қалыпқа келтіру бойынша «Жамбыл электр желілері» ЖШС-мен 23 авариялық-құтқару тобы мен 27 арнайы техника жұмылдырылды.

Төтенше жағдайларға байланысты «Шу-Отар» учаскесінде 11 жолаушылар пойызы тоқтап қалған болатын. Шу аудандық көліктік прокуратураның ақпараты бойынша, қазіргі кезде жолаушылар пойыздары жүре бастады.

Айта кетейік, Жамбыл облысының әкімі Е. Қарашөкеевтің шешімімен 2023 жылғы 14 желтоқсанда Қордай және Шу аудандарының аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды.

Нұрболат Әлдибек

Тегтер: