Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
10:20, 24 Ақпан 2024

Жаңа адамдар: Жаңа елтаңбамыз жайлы ойланар кез келді

елтаңба
Фото: из открытых источников

Бірегей тарихпен тоғысқан салт санасы бір қоғамның әрқашанортақ рәміздері болғаны баршамызға белгілі. Ал біз үшін солрәміздер - Қазақстанның елтаңбасы. Елтаңба –  компания логотипінемесе естелік белгісі емес. Елтаңба ол терең ұғым. Тұнған тарих.

Бірегей тарихпен тоғысқан салт санасы бір қоғамның әрқашанортақ рәміздері болғаны баршамызға белгілі. Ал біз үшін солрәміздер - Қазақстанның елтаңбасы. Елтаңба – компания логотипінемесе естелік белгісі емес. Елтаңба ол терең ұғым. Тұнған тарих.

Алайда, біз білетін елтаңба құндылықтарымыз жайлы сыр шертпейді әрі болашаққа жол сілтер рәміз емес. Сауалнамағақатысқан қазақстандықтардың 70%-ы елтаңбамызды тани алмады.

Қазақстан - қазіргі заман талаптарына сай алға үлкен мақсаттарқойып, жаңа белестерді бағындыру жолында. Біз, Жаңа адамдар, жауапкершілігі зор мақсаттарға бет алған жас мемлекетке тыңкөзқарастағы жаңа рәміздің керек екенін сенімділікпен жеткізгімізкеледі. Жаңа елтаңба - жаһандық өзгерістер орын алған шақтабіздің мемлекетіміздің нақты орны қайда екеніне жауап беруі керек.

Қазақстанның тағдыры - еліміздің шекарасында белгіленген. Демек біздің тарих беттерінен жоғалмай, еркіндігіміз бен қасиеттіұстанымдарымызды ұран етіп, әлемдегі нақты орнымыздыайқындауда елтаңбамыз халықты жұмылдыруы тиіс. Президент Тоқаев бұл шарттарды нақты сипаттағандай:

«Жарқын болашаққа деген сенімі жоқ халық - тұғырлы мемлекетқұра алмайды».

«Алға қойған мақсаттарымыз бен жоспарларымыз, армандарымыздың орындалуы өзімізге байланысты. Еліміздіңынтымағын, тұрақтылығы мен тұтастығын қадірлеуіміз керек. Халқымыздың рухын көтеретін бірлік.

... Ел санасында бірлік болуы тиіс».

Егерде баршамызға қалаулы, жаңа символ болмақ болса, әршаңырақ пен көшелерге бейнеленетін рәмізді қалайтын болсақ, онда жаңа елтаңбаның қандай боларын шешетін халық болуы тиіс.

Халқымызға жаңа елтаңбамыз жайлы ойланар шақтың келгені ме?

Тегтер: