Аймақ

ЖАҢАҚОРҒАНДЫҚТАР «ЖАСЫЛ АЙМАҚ» АПТАЛЫҒЫНА БЕЛСЕНДІ ҚАТЫСУДА

Өңірімізде Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асып жатқан «Таза Қазақстан» акциясының «Жасыл аймақ» апталығына Жаңақорған ауданының тұрғындары белсенді қатысты.

1

Аталған акцияға аудан тұрғындары үн қосып, Жаңақорған кентіндегі "Прайм парк" саябағында, Жаңақорған кентінің орталық көшелерінде абаттандыру, тал отырғызу секілді тазалық шараларын жүргізді.

1

Бұл шараға аудан жастары да белсене қатысып, ағаш отырғызып, уақыттарын көтеріңкі көңіл күйде өткізді.

1

Айта кету керек, бұған дейін «Киелі мекен» апталығы аясында аудан көлеміндегі киелі орындарға сенбілік шаралары өткен болатын.

1

Енді жоспарға сәйкес «Жасыл аймақ» апталығы аясында тазалық жұмыстары бастау алды. Жалпы апталық аясындағы шараларға 5000-нан аса адам қамтылды.

Сайт Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз