Саясат

Жаңаөзендегі жарылысқа байланысты жедел штаб құрылды

Жаңаөзенде көпқабатты үйлердің бірінде газ баллоны жарылғаннан кейін жедел штаб жұмылдырылды, деп хабарлайды Жас Алаш.

Жаңаөзендегі жарылысқа байланысты жедел штаб құрылды

Жедел штаб Жаңаөзен қаласында ұйымдастырылған. Барлық сұрақтар бойынша тұрғындар +7 (7292) 31-90-99 телефоны арқылы хабарласа алады.

Еске салайық, 17 сәуір күні таңғы бестер шамасында Жаңаөзендегі екі подъезді 12 пәтерлі тұрғын үйде газ баллоны жарылған болатын. Бір кіреберіс құлағанда 11 адам зардап шекті.

Зардап шеккендердің барлығы медицина қызметкерлеріне тапсырылды, деп хабарлады Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Тегтер: Без Тега
Сайт Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз