Қоғам

Жаңаөзенде зергерлік дүкеннен 15 миллион теңгенің әшекейін қолды қылған 19 жастағы жігіт ұсталды

Жаңаөзенде сауда орталығындағы зергерлік дүкеннен 15 миллион теңгенің алтын әшекейлері қолды болды. Күдікті ретінде 19 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды.

Алтын

Оқиға 10 қазанда болған. Белгісіз адам сауда орталығының екінші қабатында орналасқан зергерлік бөлімге заңсыз кіріп, 24 жұп гауһар тасты алтын сырға мен 24 алтын жүзікті алып кеткен. Бутик иесі келтірілген шығынды 15 миллион теңгеге бағалаған.

Ұрлық сәті бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Полиция қызметкерлері 15 қазанда күдіктіні ұстады.

19 жастағы жігіт қылмыс жасағанын мойындап, ұрланған әшекейлерді сатып жібергенін айтқан. Қазір полиция зергерлік бұйымдарды іздестіріп жатыр.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабы 4-бөлігінің 3-тармағы – аса ірі мөлшерде ұрлық жасау бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Редакция «Все СМИ» желісіне қатысады.
Сайт Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз