Руханият

Жәнібек Әлімханұлы әлем чемпионымен кездесетін бокс кешінің билет бағасы белгілі болды

Басты жекпе-жегінде орта салмақтағы WBO чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (14-0, 10 КО) мен IBF чемпионы Винченцо Гуальтьери (21-0-1, 7 КО) жұдырықтасатын бокс кешінің билет бағасы белгілі болды.

Жәнібек Әлімханұлы әлем чемпионымен кездесетін бокс кешінің билет бағасы белгілі болды

Бокс кеші 14 қазанда Хьюстон қаласы (Техас штаты) маңындағы Розенбергте орналасқан Fort Bend Epicenter-де өтеді. 

Ең арзан билетті 35 доллардан сатып алуға болады, бұл 16 000 теңгеден сәл асады. Орташа баға санатындағы билеттер 50-75 долларға (23-35 мың теңге) сатылады. Трибуналардағы және рингке жақын маңдағы орындар 100-125 доллар (46 000-58 000 теңге) тұрады.

Жәнібек Әлімханұлы мен Винченцо Гуальтиери арасындағы жекпе-жек Қазақстан уақыты бойынша 15 қазан күні таңертең басталады. 

Тегтер: Без Тега
Қуаныш Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз