Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
14:31, 24 Мамыр 2024

Жапония Солтүстік Кореяға санкция салды

d
Фото: из открытых источников

Жапония Ресейге қару-жарақ жеткізген үшін Солтүстік Кореяға санкция салды. Бұл туралы Meduza агенттігі жазды.

Шектеулерге тоғыз ресейлік ұйым, Кипрде тіркелген екі компания, сондай-ақ Ресей азаматы кірді. Олардың активтері мен төлемдеріне тыйым салынады, деп жазады Kyodo News.

Жапония министрлер кабинетінің бас хатшысы Йосимаса Солтүстік Кореяның Ресейге қару-жарақ жеткізуін «қатты айыптайтынын» айтып, бұл БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің бірқатар қарарларын бұзатынын айтты.

2023 жылдың қарашасында Associated Press агенттігі Солтүстік Корея баллистикалық зымырандарын Ресейге берген болуы мүмкін деп хабарлады. 2023 жылдың соңында спутниктен түсірілген суреттер Солтүстік Корея портында Ресей кемелеріне контейнерлердің тиелгенін көрсетті.

The New York Times 2024 жылдың ақпанында Ресей Украинамен соғысу үшін Солтүстік Корея қару-жарағын алып, КХДР-дың бұғатталған активтерінің бір бөлігін бұғаттан шығарғанын жазған.

18 наурызда Оңтүстік Кореяның қорғаныс министрі КХДР Ресейге оқ-дәрі мен әскери техникасы бар жеті мың контейнер жібергенін айтты.

фото-коллаж: Reuters/unian.net

Тегтер: