Жастықтың жанартауы
Тұсауынкескенде «Жас қайрат» болып жолын бастаған, кеңестіккезеңде «Лениншіл жас» атанған, Желтоқсан жаңғырығынан кейін «Жас Алаш» атын иеленген қайраткер басылым қабырғасында жүрген жылдар туралы сыр менсымбат 1976 жылғы маусым айында сол кездегі «Лениншіл жас»газеті редакторының орынбасары, қазақтың қайраткер перзенті, пассионар азамат Сағат Әшімбаев іс-сапармен Маңғыстауға келді.
Облыстық газетұжымымен кездесуде мені көрген бойда:«Сен мұнда қайдан жүрсің, облыстық газетақынды жеп қояды, қарайып қаласың, Алматыға, әдеби ортаға кел, жастарбасылымында жұмыс жасауың керек, еңбек демалысын алған бойда маған тарт, қолдаукөрсетемін» деп бастырмалатып айтып тастады. Шапшаң, шешімді, елгезек жанеді. Өзім де Алматыны сағынып, елеңдепжүргенмін. Еңбек демалысын ала сала Алматыға тарттым. Сәкең қуана қарсы алды.Газетке жұмысқа тұру конкурс негізінде болады екен. Екінің бірі болып қатарғақосылдым. Бұл 1976 жылдың қыркүйек айы болатын. Осылайша Алматыға, әдеби ортағаоралдым.
«Лениншіл жас» газетінің алғашқы редакторы,жалынды қайраткер Ғани Мұратбаевтан бастап сардар редактор, ұлтжанды азамат,аса танымал спорт журналисі Сейдахмет Бердіқұлов пен белгілі жазушы, академик Уалихан Қалижанғадейінгі кезеңнің өзінде жастар басылымы талай қилы шақтарды да, жеңісті де жемісті жылдарды дабастан кешті. Қай кезде де, қандай жағдайда да газет рухани майданныңортасында, ар мен намыстың алғы шебінде, ақиқат пен шындықтың жүзінде, әділдікпен туралықтың ізінде болды. Қиналған кезі болды, қорыққан жоқ, тұйыққатірелген кезі болды, торыққан жоқ. Біздің буын осы мектептен өтті.
Газеттің рухани күшін сезініп, оның басшысы Сейдахметағамыздың тәлім-тәрбиесін көріп, арқамызды арға сүйеп, пейілімізді халыққаарнап қызмет атқардық. Осы кезеңде газет кеңес одағы бойынша ұлттықреспубликалардың ішінде таралымы жөнінен ең алдыңғы қатарға шықты. Таралымы 300мыңға жеткен ғажайып жаңалықты дүниеге әкелген, сол ұжымда еңбек еткеназаматтар болатын. Бірер мысал келтірсем: Жарылқап Бейсенбаевтың қазақтың ұлы перзенті Шоқан Уәлихановтың ізімен жүрген тарихи-ғылыми сапарнамасы,Несіп Жүнісбаевтың тек қана қазақ ұландарынан құралған «Намыс» атты футболкомандасын құрудағы еңбегі, Жанболат Аупбаевтың тарихи тұлғалар мен табиғиқұбылыстарды зерделеп жазған мақалалар дестесі, Нұрлытай Үркімбаеваның МұқағалиМақатаевтың керемет эссе-күнделігін тауып жариялауы, міне осылардың бәрі жастар газетінің даңқына даңқ, атағынаатақ қосты. Несіп Жүнісбаевтың бас болуымен құрылған «Намыс» футболкомандасының мен әнұраны сөзін, композитор Әшір Молдағайынов музыкасын жазып,ол Орталық стадионда дүйім халықтың алдында радио торабы арқылыорындалғанда дүр көтерілген жұртымыз бенжүздері қуаныштан алабұртқан балғындардың ғажайып келбеттерін әлі көз алдымакелтіремін. Қалғып бара жатқан ұлт намысын қайраған қымбат шақ еді ол. Бірақтүйсігі тар пенделер ақыры осы «Намыс» командасын таратып жібергенін естігенде,қатаң ауырып, екі дүниенің арасында жатқан Сейдахмет ағамыздың соңғы күшін жинап,кеудесін жастықтан жұлып алып: «намысы жоқ қандай сорлы халық едік» депақырғаны өмірі естен шықпайды. Амалнешік, сол дауыс әлі стадиондарға жетер емес.
Есте қалған ерекше шуақтысәттерді еске алғанымда, ең алдымен газеттің 10 мыңдық санының жарық көруін айтар едім. Бұлеліміздің рухани-қоғамдық өміріндегі жаңа бір жарқын белес болып тарихта қалды.1980 жылы жазда Тілші хаттары бөліміне, бір жылдан соң Мәдениет және ғылымбөліміне меңгеруші болып бекідім. Осыбөлімде жүрген кезеңде ұлтымыздың небір ұлы тұлғалары мен атақты дарындарыментанысып, бірлесе жұмыс жасаудың, ақылдасудың, сапарлас, сырлас болудың сәттерінбастан кештім. «Маздақ» деген мәдениет саласы туралы айдардың аясында әншілерӘлібек Дінішев, Роза Рымбаева, МәдинаЕралиева, Баян Сағымбаева, МақпалЖүнісова, Майра Илясова, Сембек Жұмағалиев, сазгер-әнші Жақсыкелді Сейілов,айтыс ақындары Әселхан Қалыбекова, Қонысбай Әбілев, Әсия Беркенова, ЕрікАсқаров, Қатимолла Бердіғалиев, Әзімбек Жанқұлиев, Жадыра Құтжанова, сиқыршыСұлтанғали Шүкіров, Қажымұқан рөлін сомдаған Әлеухан Бекболатов, жыршы АлмасАлматов, домбырашылар Айгүл Үлкенбаева, Анар Мұздаханова секілді таланттардың тұсауынкестік. Ерболат Төлепбай, БексейітТүлкиев бастаған суретшілер бір шоғыр.Аталғандар туралы қырыққа жуық мақала жазыппын.
Әдебиет және өнер бөліміне меңгеруші болып бекігесін жас ақындарды кеңінен танытумақсатында «Қанат қақты» деген атпен газеттің поэзиялық кітапшасын шығардық.Бұл бірінші беттен басталып, соңғы бетінде қайшымен қиып алғанда 8 беттік жыркітапшасы болатын. Мұны қалың оқырман өте жақсы қарсы алды, келесі нөмірі қашаншығады деп күтіп отыратын болды. Осы кітапшада ең алдымен талантты ақындар, жыр жүйріктері ҒалымЖайлыбайдың, Шәкизада Әбдікәрімовтың, Нұрлан Мәукенұлының, Серік Томановтың,Аманхан Әлімовтің, Қайрат Әлімбековтің, т.б. өлеңдері жарияланды. Бұлар біркүнде елімізге танымал болып шыға келді, өйткені кітапшаның да таралымы 300 мың болатын. Жас прозашыларДидахмет Әшімханов, Қуандық Түменбаев, Рахымжан Отарбаев бастатқан топ та осыкезеңде танымал болды.
Және бір жағдайеске түсіп отыр. Газеттің әдебиет бөліміне жыл сайын орта есеппен 10 мың хаткелетін. Әрине оның бәріне жауап берудің өзі оңай емес, әрқайсысына дәлелдісөз, дәйекті пікір керек, арасында арызқойлар да аз емес. Соның бірін айтсам,сол кездегі Гурьев облысынан С.деген әуесқой ақын апта сайын өлең жібереді дежатады. Нашар, көркемдік талаптарға жауапбермейді. Жауап хатқа және тоқтамайды. Сол Орталық комитетке арыз жазып,«өлеңдерімді жершілдікпен баспай отыр» деген уәжбен мені кінәлапты. Мен де солоблыстанмын. Редактор шақырып, «Бұл хатқа не деп жауап береміз, ЦК күтіп отыр»деді. Оның өлеңдерін Жұмекен Нәжімеденовке беріп, пікірін жазып беруін сұрадық.Сонда С.-ның өлеңдерін оқыған ұлы ақын «егер осы С.-дан ақын шығатын болса, менекі қолымды тас төбеме қойып, айдалаға безіп кетуге дайынмын» деп бір ғанасөйлем жазыпты. Әлгі әуесқойға осы жауапты жіберіп, көзіміз ашылды.
Бұдан 35 жыл бұрын, егер табандап санасақ, одан дабұрынырақ болар, «Ақшам» деген сөз әуелі «Лениншіл жас» газетінде пайда болды.Жастар басылымы сенбі күнгі санына барынша мән беріп, оның оқылуына қатты назараударатын. Сәкең: «Газеттің сенбі күнгі санының соңғы бетін, яғни төртіншібетінің «бас киімін» (бет тақырыбын) «Ақшам» деп берелік. Онда тек оқылатын материалдарболсын, безендірілуі де басқаша болуы керек. Әрине, «Үлкен үй» бұл сөзге үрке қарауы мүмкін,сондықтан айлаға бағып, ақшам сөзін екі буынға бөліп берелік. Және қырағыкөздерді адастыру үшін «Ақ»сөзі мен «Шам»сөзінің арасын бөліп, шамның клишесін салып берсек, артық сөзден дәлелменқұтылуға болады» деп өз ойын нақтылады. «Ақшамның» алғашқы санын шығаруды Сейдағаң маған, жауапты хатшы Ерғали Сағатов пен жүйрікжурналист СапарбайПарманқұловқа жүктеді. Алғашқы макетін Сапарбай сызды. Осылайша бір күні«Ақ» — «Шам» деген сөз «Лениншіл жас» газетінің төртінші бетінде жарқ етіпшығып, мыңдаған оқырмандардыңқуана қостаған көзайымына айналып жүре берді.Бүгінгі «Алматы ақшамы» газетіне жоләуелі осылай салынған болатын. Сол «Ақшам» бетін шығаруға белсене араласқанбелгілі қаламгер, майталман мәдениеттанушы Қали Сәрсенбай қазір осы басылымдыүркердей жайнатып, үкілеп ұстап отыр.
1986жылдың қыркүйек айының басындажаңалықшыл басшымыз Сейдағаң мені өзінешақырып, «Сұхбат-телефон» деген жаңа айдар ашу идеясын ортаға салды. Идеяныталқылай келе оны «Лениншіл жас» газеті 50 жасқа толған мүшелтойы қарсаңында«Адамзаттың Айтматовы» деп өзі атаған Шыңғыс Айтматовтан бастауды хош көріп, редактордың құпия тапсырмасы бойынша дайындықты бастадық.Өйткені мұның орайы келетіні, енді бір айдан соң Қазақстанда қырғыз әдебиетініңкүндері басталатын еді. Ертеңіне Секең шұғыл қайыра шақырды. «Менің Шықаңтуралы пікірім сол пікір, өзгермейді. Бірақ аруақ аттағандай болып отырмын.Түнімен ойландым. Әуелі өзімізден бастайық, өз жұртымыз өкпелеп қалар, қане,кім бар?"» деп әдетінше шаншылақарады. Бірнеше ағаларымыздың атын атадым. «Әбекең дұрыс, арыстан жал ақын,атағы да бар, абыройы да аспандап тұр,ендеше Әбекеңнің үйіне тарт, келісімін алып кел» деп шұғыл тапсырма берді.
Әбекең (Әбділда Тәжібаев –Ө.О.) жайдары, жақсы қарсы алды. Жазу кабинетіндебұрқыратып өлең жазып отыр екен. Ұсынысқа қуана келісті. Арыстан жалды ақын ағамыз 4 сағат бойы еліміздіңбарлық өңірінен қоңыраулап жеткен жүздеген сұраққа жалықпай, шаршамай жауапберіп, өзі де шабыттың шалқұйрығына мініп, бір жасап қалды. Әрине біз деалдын-ала қам жасап, кейбір өткір сұрақтарды бөлек дайындап, қоятын адамдарғаберіп те қойған едік. Сондай бір сұрақты ақын досым Ибрагим Исаевқа бергенмін. Олелімізде, соның ішінде Алматыда қазақ мектептерінің жоққа жуық екенін, қазақтілінде жалғыз ғана балабақша бар екенін, іс-қағаздарының бәрі тек қана орыстілінде дайындалатынын, қазақ тілінің күн санап есіктен де шығуға таяп қалғанынайтып, дабыл көтергендей болды. Осындай өткір сұрақтарды айтқызып, біз десерпіліп қалдық.
«Қаламменжазылған, қарумен өшпейді» деген атпен газеттің бірінші бетінен басталып,үшінші бетін тұтас алған сол сұхбатымды «Правда» газетінің Қазақстандағытілшісі Төлеужан Есілбаев аталған басылымда «Паутина» деген атпен кейіпкер менавтордың аттарын атамай жазып көрсетіпті. Аттарымыз аталмағандықтан аманқалдық, бірақ соның өзінде үш әріптің тезінен сан рет өтуге тура келді. Сол жылы қазан айының аяғында Қырғызстанәдебиеті мен мәдениетінің күндері Алматыда өтті. Біз алдын-ала дайындалып,Шыңғыс Айтматовпен «Сұхбат-телефонның» тосын нұсқасын жасадық. Шыңғыс ағаны жолынан қалдырмай оны Алматыдан Фрунзегедейін шығарып сала отырып, сұхбатты жол үстінде алуға келістік. Сұхбатты менжүргізетін болдым да, суреттерін фототілшіміз Рахымбай Ханалы түсіретін болды. Сол тосын сапар-сұхбат ел жадынан әліөшкен жоқ.
Бұлсұхбатым 1986 жылғы 1 қарашада «Лениншіл жас» газетінде «Жол мұраты – жету»деген атпен жарияланды. Сұхбат шыққан арнаулы жасыл нөмірді Сейдағаң Фрунзеге барып, Шыңғысағаның өз қолына табыстап келді. Оқырман ыстық ықыласпен қабылдады. Орыс тілді оқырмандардың сұрауыбойынша бұл сұхбатты белгілі жазушы Бақытжан Момышұлы орысшаға аударып, «Ленинская смена» газетінде жарияланды.Қордай асуындағы сұхбат екі елдің достығы, ұлттық-рухани байланыстары, тарихи кезеңдердегі қатынастар,кеңестік кезеңдегі күрделі мәселелер, жас буын тәрбиесі, қандай жағдайда да екі ел арасындағы достық пен бауырмалдықарқауын қолдан шығармау жөнінде болды. Ол кезде алда не күтіп тұрғанын білгенжоқпыз.
СССР-діңсоңғы басшысы М.Горбачевтің пәрменімен берілген тоңмойын тапсырмаларҚазақстанды бидайдай қуырған сол кезеңде туған халқын кеудесін оққа тосып қорғайтын азаматтар да арамызда аз емесболып шықты. Сол қилы кезеңде әділетсіздікке қаймықпай қарсы тұрған қайраткерлердің ең алғашқы тізімі былай түзілді:1986 жылғы 20-шы желтоқсанда комсомолдың Орталық комитетінің кеңейтілген бюросында қарау шешімге қарсысөйлеген Сейдахмет Бердіқұлов, 23-ші желтоқсанда Ғылым Академиясында өткенталқылауда ұлтын қорғап сөйлеген академик Салық Зиманов, 31-ші желтоқсандаҚазақстан жазушылар одағының мәжіліс залында сөйлеген ақын Жұбан Молдағалиев,қаңтар айында жазушылар одағында өткеншығармашылық жастармен кездесуде республика комсомолы бірінші хатшысының теріс пікіріне қарсысөйлеген ақын Бақытжан Қанапиянов, сәуір айында Колбинмен кездесуде өткір сөзінсөйлеген жазушы Сафуан Шәймерденов, бұлардың алдында комсомолдың орталық комитетінің бюросында «Лениншіл жас» газетініңқоғамдық-саяси қателіктері туралықаралған отырыста өз пікірлерін табандап қорғаған, сол үшін сөгіс алған газеттің редакторы бастаған бөліммеңгерушілері – Несіп Жүнісбаев, Жанболат Аупбаев, Қамбар Керейқұлов және осы жолдардың авторы еді.
1986жылы Сейдахмет Бердіқұловтың орнына басшы болып «Қазақстан пионері» (қазіргі«Ұлан» газеті) газетінің редакторы Уалихан Қалижан келді. Сейдағаңның руханиінісі, әрі шәкірті ретінде қалыптасқан Уалихан Қалижан желтоқсан көтерілісінен кейінгі дүрбелеңдеқолдан келген амал-әрекеттің бәрінсалып, ұлт жанына тиетін мақалалардың топан легін аса дарытпады. Қазақтыңәйгілі театр режиссері Асқар Тоқпановты ұлтшыл деп жазу жөніндегі құпия дақатаң тапсырманы жақсының жанын ауыртпай қалай қиыннан қиялап шыққанымыздыталай рет жазды, жақында «Жас Алашқа» берген сұхбатында оны тағы байыптап айтып өтіпті.
Уәлекеңменарадағы қызметтік қарым-қатынас солақай саяси шабуылдар кезеңінде өзаратүсіністік, іштей ұғысқандық жағдайында қалыптасты. Бірде тікелей телефонменөзіне шақырды. Кірсем оның алдында орта бойлы, ақ шашты, жүзі ресмилеу, адамғатінте қарайтын бір ақсақал отыр екен. Сәлемдесіп, қарсы алдына отырдым. Уәлекеңалдында жатқан қағазды маған қарай ысырып, «мына жігіт бөлім меңгерушісі,мақалаңызды осыған беремін, қарап пікірін айтады, сосын арғы жағын ойластырамыз, сіз бара беріңіз,хабарласамыз» деді. Әлгі кісі біздерге шаншыла, шытына қарап, құлықсыздау шығып кетті. «Таныдың ба?» деді Уалихан сәлшамырыққан үнмен. Танымадым. «Өзің білетіндей, баяғыда қазаққа домбыра негекерек?» дегендей пікір айтып, ұлттық өнерге тұсау салған, содан бері басынаносы сөз арылмай келе жатқан Нұрымбек Жандилдин деген ағаң осы» деді. Әрине,білемін, кезіндегі Орталық партия комитетінің хатшысы. Мақаласын сол жерде оқыпшықтым, өзін ақтауға талпынған тәсілі екен. Уәлекең орнынан тұрып, сейфін ашып:«Сен біліп жүрсін дедім, бұл мақала осы темір сандықтың түбінде жатқаны жатқан,басылмайды, бір жауабын берерміз» деді сенімді үнмен.
Жастаргазетінің ұзақ жылдардан бері үзілмей, үлгілі үрдіс ретінде атқарып келе жатқанаса абыройлы бір міндеті бар. Ол жыл сайын 22 наурыз күні «Көктем нөмірін»шығару. Біз бұған алдын-ала дайындаламыз, атқару тобы құрылады. Бұл ұзақжылдардан бергі қалыптасқан дәстүр болғандықтан қалың оқырман қауым осы күнді,осы нөмірді күтіп отырады. «Лениншіл жас» деген газеттің атауының астына жасылтүспен «Көктем нөмірі» деп жазылады. Тиым салынған Наурыз мейрамы жастар газетінде осылай жарнамаланып,жұртымыздың жадына ұлы дәстүрді үнемі салып отырды. Уалихан Қалижан Сейдағаңсалған бұл дәстүрді бұзған жоқ, қайта оны дамыта түсті. 1988 жылы ол Мәдениетбөлімінің меңгерушісі, бүгінгі белгілі ақын Әділғазы Қайырбеков екеуімізге тапсырмаберіп, Наурызды бүкілхалықтық мейрамға айналдыру үшін ақын Мұхтар Шахановпен«Сұхбат-телефон» жасап, оның жалпы жазбасын Г.Колбинге жеткізу жөнінде жоспарқұрылды. Осының нәтижесінде «Тамырыңды тереңге жібер» деген бір беттік сұхбатдайындалып, жарияланды да, оны Мұхтар ағамыз Колбиннің тікелей өзіне жеткізді.Колбин халық уәжімен келісуге мәжбүр болды. Сұхбатқа халқымыз орасан зорынтамен қатысты. Осылайша 1988 жылғы көктемде, озбыр саясаттың одағайбұйрығынан кейін, 62 жыл тұтқында болған Наурыз мейрамы халқымызбен қайта қауышты. Мұхтар Шаханов өзінің«Желтоқсан эпопеясы» атты деректі романында «Бұл жастар газетінің кереметидеясы болды, осыны іске асыруға қатысып, сұхбат жасағандар» деп ӘділғазыҚайырбеков екеуіміздің аты-жөндерімізді арнайы атап өткен. (М.Шаханов.«Желтоқсан эпопеясы», 646-бет).
Қазіргі«Жас Алаш» сол біздің буынның, біздің алдымыздағы сандаған толқынның заңдыжалғасы, рухани мұрагері, жолдарын жалғастырушы жалаугер. Қазіргі таңда, «Бізбіргеміз» деген жалпыұлттық ұран жағдайында, жаһанды жалмап бара жатқан жаманіндет – планетарлық пандемияға қарсы майданда «Жас Алаш» тағы да алдыңғы шептежүр. Тәуелсіздік тағдырында оның қапысызқолтаңбасы бар екені және ақиқат. Ел мүддесін көздеген, туған халқының мұңынмұңдап, жоғын жоқтаған ұзан жолда уақытсынына төтеп беріп келе жатқан «Жас Алаштың» 100 жылдық белесі – Қазақ Халқының талайлы тағдырындағы тарихикезең.
Керуеніңкөрікті болсын, «Жас Алаш». Жүзге жетсеңде Жастық Жанартауың сөнбесін!
Өтеген ОРАЛБАЙҰЛЫ,
ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты,
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: