Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
14:53, 26 Сәуір 2024

Жеке меншіктегі 465 гектар жер мемлекетке қайтарылды

п
Фото: из открытых источников

Жамбыл облысы, Байзақ ауданында 465 гектар жерді заңсыз беру фактісі және пайдаланылмай жатқан 4292 гектар жер телімі анықталды.

Прокуратура мәліметінше, бұл учаскелердің кадастрлық құны 55 млн теңгеден астам болады.

Жергілікті атқарушы органға енгізілген прокурорлық қадағалау актісі негізінде сотқа дейінгі тәртіппен пайдаланылмай жатқан жер учаскелерін толық қайтару қамтамасыз етіліп, ал қалған заңсыз берілген жерлер бойынша сотқа жерді жалға алу шарттарын жарамсыз деп тану туралы талап арыз берілді. Жамбыл облысы бойынша мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттың 13.02.2024 жылғы шешімімен талап арыз қанағаттандырылып, 465 гектар жер мемлекетке қайтарылды, делінген хабарламада. 

Бұл жер учаскелері алдағы уақытта шаруа қожалықтарына заңда белгіленген тәртіппен беру арқылы шаруашылық айналымына тартылады.

Фото: baq.kz

Тегтер: