Live

«Желтоқсан бүлікшілерін ақтады»: Алматылық жігіт Шаханов туралы петицияға қарсы шықты

Әлеуметтік желіде бір азамат Алматыдағы Розыбакиев көшесін Мұхтар Шахановтың атына өзгерту бастамасына қарсы пікір білдірді.

М.Шаханов

 Оның сөзінше, аталған көшені Желтоқсан оқиғасына қатысушыларды ақтаған «біреудің» атымен атау орынсыз. Тіпті ол адамның атын атаудың өзі жағымсыз екенін айтты.

Азамат өз пікірінде: «Абдулла Розыбакиев ел үшін көп еңбек сіңірді. Ал оның орнына ұсынылып отырған адам не істеді? Бұл петицияға қол қойған алматылықтарды көргім келеді. Бұлар бұрынғы біз білетін алматылықтар емес сияқты», - деді.


Еске салайық, бұған дейін Алматыда Розыбакиев көшесінің атауын Мұхтар Шахановтың есімімен өзгерту ұсынылған болатын. Осыған байланысты қоғам белсенділері Gosrating.kz платформасында арнайы петиция жариялаған. Қазіргі таңда бастаманы 10 мыңнан астам адам қолдап үлгерді.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз