Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
15:49, 16 Мамыр 2024

Жергілікті тұрғындар қарсы болған зауыт құрылысы аяқталуға жақын

в
Фото: из открытых источников

Жергілікті тұрғындар қарсы болған Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Маралдыдағы алтын зауытының құрылыс жұмыстары 80 пайызға аяқталды. Бұл туралы құрылыс және өнеркәсіп вице-министрі Жаннат Дубирова мәлімдеді.

Спикер зауыттың салынуынан Қазақстанға қаншалықты пайда келетіні туралы сауалға жауап бере алмайтынын айтқан.

Сәулет-құрылыс бойынша барлық талаптар сақталады. Қазір құрылыс жұмыстары 80 пайызға аяқталды. Қоршаған ортаға зияны заң шеңберінде тексерілген. Құрылысқа қазірге дейін 2 млрд 152 миллион теңге жұмсалды, - деді Дубирова журналистер сауалына.

Айта кетейік, 2022 жылы құрылысы басталған Маралды ауылының іргесіндегі фабриканың салынуына жергілікті тұрғындар бірнеше рет қарсылық білдірен. Олардың айтуынша, кәсіпорынның алтын кенін ашық әдіспен қазып алуы табиғатқа зиян келтіріп, өзен мен ауыз суды ластауы мүмкін. 

Фото: ортком

Тегтер: