Әлеумет

Жетісуда әйелін ұрып, полицейлерге шабуыл жасаған ер адам 3 жылға сотталды

Жетісу облысындағы Текелі қалалық сотында әйеліне күш көрсетіп, кейін полиция қызметкерлеріне шабуыл жасаған ер адамға қатысты қылмыстық іс қаралды.

1

Іс материалдарына сәйкес, 2026 жылғы 3 ақпанда ерлі-зайыптылар арасында жанжал туындап, оның соңы төбелеске ұласқан. Ер адам әйелінің бет тұсынан жұдырықпен ұрған. Осыдан кейін жәбірленуші бірден полицияға жүгінген.

Оқиға орнына келген тәртіп сақшыларына да күдікті агрессия танытып, екі полиция қызметкерінің әрқайсысын қолымен және аяғымен бет тұсынан соққыға жыққан.

Оған тұрмыстық жанжал кезінде денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру және билік өкілдеріне күш қолдану баптары бойынша айып тағылды.

Сот барысында ерлі-зайыптылар татуласып, әйеліне қатысты эпизод бойынша іс тоқтатылды. Ал полиция қызметкерлеріне шабуыл жасау дерегі жеке қаралды. Сотталушы өз кінәсін толық мойындап, жасаған ісіне өкінетінін айтқан.

Сот үкімімен ер адам кінәлі деп танылып, 3 жылға бас бостандығынан айрылды.

Кейін ол үкімге апелляциялық шағым түсіргенімен, жоғары сатыдағы сот алғашқы шешімді өзгеріссіз қалдырды. Үкім заңды күшіне енді.

Тегтер: жетісу
Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз