Әлеумет

Жетісуда уранды Қытайға заңсыз шығармақ болғандар сотталды

Жетісу облысында уран концентратын Қазақстаннан Қытайға заңсыз алып өтпек болды деп айыпталған алты адамға сот үкімі шықты.

Сот үкімі

Сот материалдарына сәйкес, айыпталушылар ядролық материалдарды заңсыз сақтау, тасымалдау және өткізу, сондай-ақ оларды шекара арқылы алып өтпек болған. Тергеу нұсқасы бойынша, уран концентраты кәсіпорындардың бірінен заңсыз шығарылып, бірнеше адамның қатысуымен тасымалданған.

Заңсыз әрекеттің жолы «Нұр Жолы» өткізу бекетінде кесілді. Сараптама нәтижесінде тәркіленген заттың уран концентраты екені анықталған. Мамандар оның радиациялық деңгейі рұқсат етілген нормадан бірнеше есе жоғары болғанын мәлімдеді.

Сот шешімімен үш айыпталушы 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Тағы бір сотталушы 4 жыл 6 айға, қалған екеуі 2 жыл 6 айға сотталды.

Олар жазаларын орташа қауіпсіздік мекемелерінде өтейтін болады.

Үкім әзірге заңды күшіне енген жоқ.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз