Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Кеше, 14:47

Жол сапасына жауапты тұлғалар 16 млн теңге айыппұл арқалады

жол
Фото: Ашық дереккөз

Жыл басынан Алматы облысының полиция департаменті жалпы жолда 1579 зерттеу жұмысын жүргізді, нәтижесінде бірқатар кемшілік анықталып, осындай мөлшерде нұсқама рәсімделді.

Департамент трассаларда нақты қандай кемшілік анықталғанын нақтыламады, бірақ 321 лауазымды және заңды тұлға әкімшілік жауапқа тартылғанын хабарлады. Олардың ішінде «ҚазАвтоЖол» ҰК" АҚ аймақтық филиалы мен «ҚАЖсервис» ЖШС бар, полиция оларға қатысты Әкімшілік кодекстің 631-бабы («Жолдарда жұмыстар жүргізу, жолдарды, темiржол өткелдерін және басқа да жол құрылысжайларын күтiп ұстау жөніндегі талаптарды орындамау») бойынша 36 әкімшілік хаттама толтырған.

Айыппұлдың жалпы сомасы 16 миллион теңгеден асып түсті. Бұрын берілген нұсқамаларды орындамағаны үшін 30 әкімшілік материал жасалған.

Тегтер: