Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
11:47, 24 Мамыр 2024

Жошы хан туралы ағылшын тілінде сериал түсіріледі

в
Фото: из открытых источников

Қазақстанда Жошы хан туралы ағылшын тіліндегі сериал түсіріледі. Бұл туралы «Дара» президенттік бастамалары қоры мәлімдеді.

Қор аталған киноны «Karga Seven Pictures» киностудиясымен бірлесіп түсірмек. Жошы ханның өміріне арналған ағылшын тіліндегі деректі-драмалық телехикая алты сериядан тұрады. 

Сериалда Жошы ханның өмір тарихы мен Алтын Орда империясының даму кезеңдері көрсетілетіні айтылған.

Жошы ханның өмір тарихы керемет эпика болғандықтан, ол дүние жүзіндегі көрермендерді қызықтырары сөзсіз. Біз «Дара» қорымен осы ауқымды тарихи жобада ынтымақтасып жұмыс істейтінімізге қуанышыымыз, – дейді Karga Seven Pictures шығармашылық директоры Эмре Шахин.

Түсірілім 2024 жылы күзде Қазақстан мен Түркияда басталады деп жоспарланған.

Фото: adyrna.kz

Тегтер: