Аймақ

Жоспардан тыс тексеру заңбұзушылықтарды әшкереледі

Биылдың 9 айында Шымкент қаласы прокуратурасының қаулысы негізінде жоспардан тыс 3 тексеру, 1 бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізілді.

Жоспардан тыс тексеру заңбұзушылықтарды әшкереледі

Бұл туралы ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен баспасөз брифингінде  Сауда және интеграция министірлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Бастар Есқараев мәлімдеді.

– Жүргізілген жоспардан тыс 3 тексеру нәтижесінде «Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы» АҚ-ның заң бұзушылықтар негізінде сарапшы аудиторлардың аттестаттарын алты ай мерзімге тоқтатып, әкімшілік айыппұлдар салу жөнінде қаулылар қабылданды. Сонымен қатар, заң бұзушылықтарға жол берген сарапшы-аудиторларға қатысты шара қабылдау үшін Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетіне ақпараттық хат жолданды, – деді Бастар Әуелханұлы.

Спикердің сөзінше, бүгінде қалалық сәйкестікті растау саласында аккредиттелген 3 сәйкестікті растау мекемесі («Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ ОҚФ, «Туран Бизнес Групп» ЖШС және «Ел-Стандарт» ЖШС) 40 сынақ, 22 салыстырып тексеру, 3 калибрлеу және 2 медициналық зертхана жұмысын атқаруда.

Айта кетейік, енгізілген мораторийге қарамастан аталған Департаментке заң талаптарының сақталуына қатысты 12 жағдайда тексеру, профилактикалық бақылау және қадағалауды жүргізуге рұқсат етілген.

Редакция «Все СМИ» желісіне қатысады.
Тегтер: Без Тега
Сайт Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз