Саясат

ЖСДП Мәжіліс сайлауына қатыспайтын болды

Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы Мәжіліс пен мәслихаттар сайлауына қатысудан бас тартқаны белгілі болды.

ЖСДП Мәжіліс сайлауына қатыспайтын болды

 

Партия  Мәжіліс пен Мәслихаттар сайлауына қатыспау туралы шешім қабылдады. Сондай-ақ, партия бүкілхалықтық бойкот жариялап, сайлауға қатысудан бас тартуды көздеп отыр. Мұндай шешім партия съезі кезінде қабылданды.

Сайлауға алты партия жіберілген еді. Олар — «Nur Otan» партиясы, «Ақ жол» демократиялық партиясы, Қазақстанның коммунистік халық партиясы, «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы, «Бірлік» саяси партиясы және Жалпыұлттық социал-демократиялық партия.

Сайлау 2021 жылы 10 қаңтарда өтеді.

Тегтер: Без Тега
Сайт Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз