Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 11:01

ЖҮГЕРІНІ ТЕРЕҢ ӨҢДЕУ, МЕТАЛЛУРГИЯЛЫҚ ЗАУЫТ, КҮКІРТ ҚЫШҚЫЛЫН ӨҢДІРУ — ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА ІРІ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА

П

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында инвестициялық ахуалды жақсарту, жаңа өндірістерді дамыту, кәсіпкерлікті қолдау және тұрақты жұмыс орындарын құру, өңдеу саласына барынша көңіл бөлу керектігіне айрықша басымдық берген болатын.

Осы орайда Жамбыл облысында индустриялық-инвестициялық жобаларды іске асыру қарқынды түрде қолға алынуда.

Атап айтсақ, 2023-2024 өңірде жалпы құны 289 млрд теңгені құрайтын 48 инвестициялық жоба пайдалануға берілді. Ірі жобалардың қатарында «Шатыркөл» кен байыту фабрикасы, «KORCEM» цемент зауыты, «Karatau Chemicals» кәсіпорны бар.

Сондай-ақ ағымдағы жыл қорытындысымен жалпы құны 175,2 млрд теңге болатын 30 жоба жүзеге асырылып, нәтижесінде 1 500 жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде.

О

Қайта жаңғырған «Jibek Joly» арнайы экономикалық аймағы бүгінде ірі жобалар жүзеге асырылып жатқан Орта Азиядағы бірегей өндірістік алаңдардың біріне айналуда.

АЭА аумағы 805 гектарға ұлғайып, қосымша 400 гектар алаңда субаймағы құрылды. 

Мұнда жел генераторларына арналған зауыттың алғашқы кешені іске қосылды. Сонымен қатар жүгеріні терең өңдейтін Орта Азиядағы ірі кәсіпорынның (биыл жүгеріні қабылдай бастайды), жылына 3 млн тонна темір бұйымдарын шығаратын металлургиялық зауыттың құрылыстары қарқынды жүзеге асуда. Бұдан бөлек, өндірістік кремний зауыты, сутегі асқын тотығы өндірісі, желатин зауыты, мототехника өндірісі, натрий цианиді өндірісі және басқа да жобалар қолға алынған.

Облыста ағымдағы жылдың қараша айында қуаты жылына 800 мың тонна күкірт қышқылын өндіруге қауқарлы «Еврохим Қаратау» ЖШС-ның ірі өндірісінің алғашқы кезеңі іске қосылады деп жоспарланған.

Е

Жамбыл облысында атқарылып жатқан бұл жұмыстар Мемлекет басшысы Жолдауында атап көрсеткендей, өңірлердің экономикалық белсенділігін арттыруға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған. 2025 жылдың қорытындысы бойынша аймақтың өнеркәсіптік әлеуеті едәуір артып, облыс экономикасына тың серпін бермек.

Жалпы, 2025 жылдың алғашқы жартыжылдығында негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 301,8 млрд теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 48,1%-ға артты. Тараз қаласындағы индустриалды аймақ толық инфрақұрылыммен қамтылып, алдағы жылы мұнда шағын өнеркәсіптік аймақ ашылады. Онда есік шығару, шыны өндіру, тамшылатып суару жүйелері, құрғақ құрылыс қоспалары мен бетон бұйымдарын өндіретін кәсіпорындар іске қосылады. Сонымен қатар аудандарда Талас, Сарысу-1, Сарысу-2, Меркі және Құлан субаймақтары құрылуда.